Basty bet

АБАЙЛАҢЫЗ!

Құрметті, мұзасты балық аулау әуесқойлары! Балық аулау – белсенді демалудың тамаша түрі. Бірақ, осы балық аулау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп бар екенін де ескерген жөн!
Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мұзасты балық аулауды жүзеге асыру кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды тағы да ескертеді:
– жұқа мұзға шықпаңыз (мұздың рұқсат етілген қалыңдығы 10 және одан да көп см);
– бір-біріне жақын көп шұңқырлар жасауға болмайды;
– улы газбен улану қаупі бар болғандықтан балық аулаушы орнын жылытудың оңтайлы тәсілін таңдау қажет;
– балық аулауды тек құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыру керек;
– орналасқан жерді белгілеу үшін ашық түсті материал болуы керек,
– балық аулау орны туралы туыстарыңызға алдын ала хабар беріңіз;
– зарядталған телефон, ыстық шай құйылған термос, сондай-ақ жылы киімдер алыңыз.

Жуалы ТЖ бөлімі және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close