Basty bet
Кәсіпкерлікті өркендету – ел экономикасын дамытудың кепілі
Кәсіпкерлік – ел экономикасының негізгі тетіктерінің бірі. Яғни, еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарында кәсіпкерлікті дамыту саласы негізгі индикаторлардың бірі. Сондықтан кәсіпкерлікті қолдап, оны дамыту үшін мемлекет тарапынан бірнеше бағдарлама қабылданып, бүгінде өз жемісін беруде.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында маңызды саланың басымдықтарын атап өтті: “Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады”.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласына қолдау көрсетумен, яғни, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлік салаға қаржы көздерін қарастыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп және өндіріс көлемін арттыру, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің бағасын қадағалау, тағы да басқа жұмыстармен айналасады.
Бөлім басшысы Марат Қасымбековтың айтуынша, 2023 жылға жоспар өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 7,2 млрд теңге болған. Бұл көрсеткіш бойынша аудандағы тоғыз сүт өңдеу зауытында өндірілген сүт өнімдері жоспарды толықтай орындауда.
Бөлімге жүктелген маңызды бағыттардың бірі – экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін 2023 жылы 9,3 пайыз жоба қаржыландыру индикаторы.
Аталған бағыт бойынша 2022 жылдың 11 айында 5470 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелсе, 2023 жылы осы кезеңінде ШОБ субъектілер саны 6 674 құрап отыр. Яғни, 1200-дей жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұлар, Жетітөбе, Қызыларық, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтеріндегі “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық мөлшерлемен несие алған және “Бастау-Бизнес” жобасының аясында қайтарымсыз грант ұтып алып, өз жұмысын бастаған және өз қаражаты есебінен кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алған тұрғындар.
Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілердің саны 2023 жылы 49 жоба қаржыландыру индикаторы қойылған. Бұл бағыт бойынша “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының” аясында 56 жоба несиелендіріліп, 1 326,7 млн теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде “сыйақы мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау” құралы бойынша несие сомасы 837,9 млн теңгені құрап, 45 жоба қаржыландырылды. Бұл дегеніміз – кәсіпкерлерге берілген 17-21 пайыз аралығындағы несиенің 7 пайызын ғана кәсіпкер өзі төлейді, қалған пайызы “Даму” акционерлік қоғамы арқылы субсидияланады.
Ал, “Кепілдік беру” құралы бойынша кепілдік сомасы 285,9 млн теңгені құрайтын 11 жоба кепілдендірілген. Бұл дегеніміз – орта және ірі кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер мен шаруалардың банкке кепілдікке қойған мүлігінің бағалау қаржысына тең сомада “Даму” АҚ кепілдік болу арқылы берілетін несие.
“Өндірістік (индустириалдық) инфрақұрылымды жүргізу” құралы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен “А.Ахмадбекова” жеке кәсіпкерлігінің иесі Айнагүл Ахмадбекова құс етін өндіру және өңдеу жобасы бойынша құс фермасына электр жарығы мен көгілдір отын тартуға “Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасының аясында 15,4 млн теңгені құрайтын 1 жоба мақұлданып, оған қаражат бөлініп, инфрақұрылым тартылған.
Сонымен бірге “Шақпақ” ДОРСЕРВИС” битум зауыты жасаған жоба да мақұлданған. Бүгінгі таңда жоба бойынша қаражат отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге туризм саласы бойынша “Көксай” ЖШС-не газ кіргізуге дайындалған жоба сүйемелденуде. Сондай-ақ, “Ақсай гловол” ЖШС-не электр энергиясын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар жасалуда.
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша ағымдағы жылы 20,0 млн теңгеге 4 жоба қаржыландырылды.
Бұл бағытта атқарылған жұмыстар кәсіпкерлер үшін үлкен көмек. Яғни, кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінің сүйемелдеуімен орындалған көрсеткіштердің игілігін аудан кәсіпкерлері де көруде.
Ал, туризм саласында негізгі 4 индикатор көрсетілген:
-Ішкі туристер санының артуы жоспарда 3200 адам болса, нақты бүгінге орындалғаны 3797, 18 пайызға артты.
-Сырттан келетін туристердің санының ұлғаюы жоспар 35 адам, орындалуы 35 адам. 100 пайызға.
-Нөмірлік қоры санының артуы 542 адам, нақты орындалғаны 567 адам, 4,6 пайызға артты.
-2024 жылы бұл бағыттар бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табады. Сонымен бірге ауданда алты жоба бойынша инвесторларды тарту жоспарланған болатын. Бұл жұмыстар бөлім тарапынан атқарылуда,- дейді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марат Сайлауұлы.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»