Basty bet
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 88 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 20, жоспардан тыс-68, оның ішінде: 7 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 61 – заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 85 нысанда жалпы сомасы 13 640,2 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 3 007,9 млн теңге қаржылық бұзушылықтар, 10 632,3 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 9 926,0 млн теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 3 007,9 млн теңгеден қолданылған шаралар арқылы 1 630,0 млн теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 54,2 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 96 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 55 әкімшілік материал салу – 10,9 млн теңге, өндірілгені – 10,3 млн теңге, яғни орнын толтыру 94,5 пайызды құрады.
Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1 462,8 млн теңгені құрайтын 14 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2023 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 20 855,9 млн теңгені құрайтын 21 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.
М.Егембердиев,
Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
Департаментінің басшысы