Basty bet
Жылыту маусымының қауіпсіздігі
Жыл сайын жылу беру кезеңінің басталуымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны өсуде. Оның себептері көбінесе жылу жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, пешті жылыту, электр қуатының шамадан тыс жүктелуі болып табылады. Сондай-ақ, азаматтардың немқұрайдылығы да өрттің шығуына себепші болуда. Сондықтан қарапайым талаптарды орындауды алдын ала ойластырып, өрт сияқты апаттың алдын алуға болатынын тағы бір еске сала кеткен жөн.
Егер сіз жеке үйде тұрсаңыз, жылу беру маусымы басталғанға дейін:
-пеш пен мұржаның жұмысқа жарамдылығын тексеру,
– оларды жөндеу;
– күйеден тазарту;
– жарықтарды жөндеу, шатырдағы мұржаны әктеу қажет және пайда болған жарықтарды дереу қараңыз.
Ал жылу беру маусымында оны күйеден тазарту қажет. Күлге су құйып, қауіпсіз жерге апару керек. Кептіру пештерінің үстінде қалған тұрмыстық заттар мен басқа да жанғыш материалдар да жазатайым оқиғаларға әкеледі.
Үйден шыққан кезде барлық электр жылытқыштарын өшіру қажет екенін есте ұстаған жөн; пеш жағу үшін бензин, керосин немесе басқа да жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз. Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру немесе оларды бақылауды кішкентай балаларға сеніп тапсыру өте қауіпті!
Жуалы ауданының ТЖ бөлімі
және №7 ӨСБ