Basty bet
Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының аумақтық сайлау комиссиясының бос орнына комиссия мүшесін сайлау туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жамбыл облысының Жуалы аудандық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының бос орнына комиссия мүшесін сайлау туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 21 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;
5) аумақтық сайлау комиссиясына кандидат үшін Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 21 ақпанға дейін дүйсенбі – жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.
Жуалы аудандық мәслихаты
Жуалы аудандық мәслихаттың төрағасы – Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12 үй.
Жауапты адам – Бекмурзаева Салтанат Журсунбаевна, каб. № 19, қалааралық телефон коды (872635), қызметтік телефоны 2-03-60, ұялы телефоны +7(775)7294445, электрондық пошта мекенжайы jualu_maslihat@mail.ru.
Аудандық мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлайды:
Аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Д.Қонаев көшесі, №6, Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты, 1 комиссия мүшесі.