Basty bet
Уақытша бос жүрген жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Қазіргі қоғамда NEET санатындағы жастар тобы бар. Бұл ұғым кейінгі жылдары көбірек айтылғанмен, ондай жастардың бұрыннан бар екені жасырын емес. NEET ұғымына қоғамда «оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз саяси және азаматтық белсенділігі аса төмен, жауапкершілікті мойнына алып, белсенді өмір сүруге ниеті жоқ жастардың жалпы жиынтығы» деген анықтама беруде.
Ауданда уақытша бос жүрген жастар жұмысқа, оқуға ниеті жоқ жастар, өзге де жұмыстар мен айналыспайтын жастар бар. Мұндай санаттағы жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту шаралары қолға алынуда. Мәселен, өткен жылы аудандық Жастар ресурстық орталығы мен аудандық ПҚ-ның ұйымдастыруымен алты іс-шара өткізіліп, пробация қызметінде тіркеуде тұрған 30 жас шараға тартылды. Атап айтар болсақ, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі мен «Жастарға кеңес» кеңес беру алаңдарына гір тасын көтеруден аудандық турнирге және футболдан өткен аймақтық турнирлерге пробация тізімінде тұрған жастар тартылды.
Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша екі қоғамдық тыңдау өткізіліп, шараға 50 уақытша бос жүрген (NEET) жастары қатысты.
Ал, мемлекеттік дін саясатын кең көлемде насихаттау аясында мекеменің теолог-инспекторы Рамазан Абделиев 30 іс-шара өткізді. Оның ішінде, уақытша бос жүрген (NEET) жастармен сегіз кездесу, үш түсіндірме жұмыстарын өткізіп, шараға 98 уақытша бос жүрген (NEET) жас қатысты.
Бүгінде ауданда уақытша бос жүрген (NEET) санатындағы жастар саны 30-ды құрап отыр. Аудандық Жастар ресурстық орталығының уақытша бос жүрген (NEET) санатындағы жастар «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жалпы жылдық жұмысын қорыта келсек, «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жалпы 875 жас анықталып тіркелген, қазіргі таңда (NEET) жастардың 403 жасы өзектендіріліп, ал қалған 472 жастарға өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, NEET санатындағы жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту қолға алынуда. Яғни, «Жасыл ел» бағдарламасының аясында 120 жас жұмыспен қамтылып, оның ішінде, алты уақытша бос жүрген (NEET) жас маусымдық жұмысқа қабылданды.
Биылғы жылы да уақытша бос жүрген (NEET) санатындағы жастарды «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасына, қысқа мерзімдік және қайта даярлау курстары, жастарды жұмыспен қамту шараларына (Жастар тәжірбиесі, бос ваканттық, әлеуметтік, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына тарту) тарту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Аида Баймұратова,
аудандық Жастар ресурстық орталығының
жастармен жұмыс
жөніндегі маманы