Basty bet
Ата-аналардың назарына!
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!
Соңғы қоңырау – әр оқушының өміріндегі ерекше, жүрекке жылы әсер қалдыратын маңызды мереке. Бұл күні балалар үлкен өмірге қадам басып, жаңа белестерге ұмтылады. Осы қуанышты сәттің қауіпсіз, мәдениетті және тәртіпке сай өтуі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Әр ата-ана үшін баласы қандай қымбат болса, әр мектеп үшін барлық оқушының білімі мен тәрбиесі, амандығы өте қымбат.
Осыған байланысты Сіздерді төмендегі талаптар мен сақтық шараларына ерекше назар аударуға шақырамыз.
Рұқсат етілмейді:
Мектеп бітіру мерекелік іс-шарасына аниматорларды шақырып, мерекелік агенттіктерді, әртүрлі шоуларды жасауға, жеке студияларды тартуға;
Қымбат көліктер мен жалға берілетін автокөліктерді, лимузин жалдап, ауыл, аудан, қала бойынша экскурсиялар, автошерулер жасауға;
Мейрамханаларда және де басқа орындарда мерекелік дастарқан жаюға;
Әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлық алу үшін қаражат жинауға тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар!
Баланың өмірі мен денсаулығы – ең қымбат құндылық. Сіздің қамқорлығыңыз бен жауапкершілігіңіз арқылы бұл мереке тек жағымды естелік ретінде сақталады.
Балалардың қауіпсіздігі үшін бірлесе әрекет етейік!
Тәртіп пен қауіпсіздік – жарқын болашақтың кепілі!
Құрметпен, Жуалы ауданының білім бөлімі