Basty bet

Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес – адам құқығының қорғалуы және сот тәуелсіздігінің кепілі

Сыбайлас жемқорлық адам құқықтарының қорғалуы мәселесіне тікелей әсер етеді. Бұл дерттің қоғамдағы негізгі салаларда денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым немесе қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін маңызды ресурстарынан айырады.
Сонымен қатар, жемқорлық жалпы мемлекеттік институттарға және сот төрелігін жүзеге асыру жүйесіне тікелей кері әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық халықтың сотқа деген сенімін төмендетеді. Жүйенің адам құқықтарын қорғауға кепілдік беруіне мүмкіндік бермей судьялардың, адвокаттардың және басқа да кәсіп өкілдерінің жұмысына кері әсерін тигізеді.
Адам құқықтарын қорғау міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен және оның сот төрелігін жүзеге асыру үшін зардаптарымен күресу, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың тәуелсіз және сенімді механизмі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру болып табылады. Бұл тұрғыда адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық сот төрелігін жүзеге асыруды бұзады. Әділ сот ісін жүргізу құқығын жүзеге асыруға елеулі кедергілер жасайды және халықтың сотқа деген сенімін айтарлықтай төмендетеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 11-бабында халықаралық шарттың негізін қалаушы сот билігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі шешуші рөлін атап көрсетеді. Сондай-ақ осы рөлді тиімді орындау үшін сот билігінің өзі сыбайлас жемқорлықтан азат болуы тиіс және оның өкілдері адал және бұзылмайтын болуы керек. Конвенция сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу үшін қажетті ішкі ұйымның негізгі принциптерін қамтиды.
Сот әділдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және Қылмыспен күрес ұйымы заңдылық мәдениетін қалыптастыруға арналған жаһандық бағдарламаны іске қосты, оған сот әділдігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты негізгі мәселелер мен туындайтын мәселелер бойынша озық тәжірибелер мен алынған сабақтармен бөлісу үшін Сот әділдігінің жаһандық желісін құру кіреді.
Еліміздің Президенті 2022 жылғы екінші ақпандағы №802 Жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекіткен болатын.
Тұжырымдамада халықаралық тәжірибені шолу бойынша шетелдік озық практикалардың халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсілдері қолданылады.
Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ-мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.
Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, «Сенім телефоны», «Call-центр» бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде жауап беріп, тиісті әрекеттерді орындауға арналған.
Жуалы аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ерекше көңіл бөлініп отыр. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің арасында үнемі дөңгелек үстел, семинар және БАҚ өкілдерімен осы тақырыпта брифингтер өткізіліп отырады. Сонымен қатар, апта сайынғы жедел кеңесінде судьялар мен сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбы талқыланады. Сот ғимаратының кіреберісінде сот жасауылына берілген теміріздегішпен тексеріліп, сотқа келген азаматтар арнайы тіркеуге арналған журналға жеке куәлігі арқылы тіркеліп, қандай сұрақпен келгені анықталып, сот отырысына тағайындалған істер кестесіне сай кіргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары бойынша сондай-ақ, сот істері бойынша тараптармен процессуалдық емес қарым-қатынастарды болдырмау мақсатында және мемлекеттік қызметкерлердің әдебін сақтау бойынша судьялармен және сот қызметкерлерімен профилактикалық әңгімелер үнемі жүргізілуде.
Ай сайын өтетін жедел кеңестерде әрбір судья мен сот қызметкеріне өзінің тікелей қызметтік міндеттерін атқару барысында сотқа келуші тараптармен ешқандай байланысқа түспеу, судья Әдебі кодексінің, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауларын, Судьялар мен сот қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеулері туралы үнемі ескертілуде.
Мемлекеттің игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмаларды орындау – әрбір азаматқа және кез келген мемлекеттік органға жүктелген міндет. Бұл тұрғыда аудандық сот осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды одан әрі қарай жалғастыра беретін болады.

Бабырхан Абуев,
аудандық соттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close