Basty bet

Боран кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау

Құрметті Жуалы ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Боран кезінде және жол жабылған кездерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.
Ең басты және сенімді ереже – нашар көріну және көктайғақ кезде жолға шығудан бас тарту қажет екендігін еске саламыз. Егер, сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаған жағдайда, нашар көріну жағдайында қауіпсіз жүрудің негізгі кепілі жылдамдық режимін төмендету екенін есте ұстаған жөн. Автокөліктеріңізге міндетті түрде күрек, арқан, медициналық қорапша, артығымен жылы киім және артығымен тамақ өнімдері болу керектігін ескертеміз.

 Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close