Basty bet

Наубайхана несібесі

Күнделікті тұтынатын тағамдардың қатарында нанның рөлі жоғары. Нансыз қазаққа ас батпайды. Сондықтан оны кәсіп ретінде пайдаланған кез келген адамның өндірісінің ілгерілемеуі мүмкін емес. Бұл ретте қосбөлтектік кәсіпкер Күнсұлу Қамбарованың қарекетіне көңіл сүйсінеді. Ол шағын наубайханасымен бүтін бір ауылды ғана емес ауданымыздағы бірнеше азық-түлік дүкенін нанмен қамтамасыз етіп, табысқа кенеліп отырған жан.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа және іскерлікке баулу мақсатында «Еңбек түбі – береке» айдарымен Көкбастау ауылдық округіне қарасты Қосбөлтек ауылының тұрғыны кәсіпкер Күнсұлу Қамбаровамен кездесу өткіздік.
Кездесуде Күнсұлу Мұханқызы бізге наубайхананың тыныс-тіршілігін кеңінен айтып берді. Оның сөзінше, наубайхананың жұмысын 2015 жылдан бері жүргізіп келеді. Наубайхана жаз мезгілінде бес адамға дейін жұмыспен қамтыса, қыста үш адамды жұмыспен қамтуда. Наубайхана күніне 450-700-ге дейін нан шығарып оны 25 елді мекенге тасымалдайды.
Қызметкерлерге жалақы және үш наннан күнделікті беріледі. «Ас атасы – нан» демекші, нанды пісіріп, ауылдарға ыстықтай жеткізіп отырған кәсіпкер анамызға Алла ісінің берекесін берсін деген тілектеміз.
Лаура Үкімбаева,
Қосбөлтек ауылдық клубының маманы

Таңдаулы материалдар

Close