Basty bet

Көрісуге арналған көпшілік серуен

Ақтөбе ауылдық клубында клуб мамандарының ұйымдастыруымен Көрісу күніне «Көктем басы – көрісу» мерекелік көпшілік серуені өтті. Мерекелік шара ауылдық клубтан бастау алып, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрді жалғастырып, Руханият көшесінің тұрғыны Тұрмаханов Түркіменбай ақсақалдың, Сарыбаева Ақжарқын әженің, Ермекбаев Адайбай ағаның шаңырағында көрісу мерекесі жалғасын тапты.
Іс-шараның өту барысында клуб ұжымы мерекеге келген қонақтарды қарсы алып, олар бір-бірімен көрісіп, бір-біріне жақсы ниет-тілектерін айтып, ақ дастарқан басына жиналды.
Дастарқан басында ауылдағы қауымдастық мүшесі Р.Балатаев бата беріп, клуб маманы Көрісу – Амал мерекесі туралы мәліметтер айтты. Мерекелік бағдарламада Еркін Жүзбаев домбыраның сүйемелдеуімен Ақ әжелер «Сәулем-ай», «Белеспе» әндерін орындаса, Еркін Жүзбаев «Жолыққан қандай жақсы» әнін айтып, қонақтарға мерекелік шаттық сыйлады. Ауылдағы «Ақ әжелер» әуесқой клубының төрайымы Бақытай Төлегенова жұртшылықты мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Дастарқан басында ата-әжелер ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер және өздерінің бала кезіндегі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің тойлануы туралы еске алып, қызықты әңгіме өрбітті. Мерекеде Ақжарқын әже көпшілікке мерекелік тілегін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Мерекелік шара соңында клуб маманы Манаткүл Сәрсенбаева Көрісу – Амал мерекесінің биылғы жылы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгенін жақсылықтың нышанына балап, әрі ораза ұстаған кісілерге клуб ұжымының атынан ауызашар таратты.
Ақтөбе ауылдық клубы

Таңдаулы материалдар

Close