Basty bet

«Қош келдің, Әз-Наурыз!»

Жуырда «Аягүл» бөбекжай-балабақшасында «Құлыншақ» ортаңғы топ тәрбиешілері Г.Мәлібекова мен А.Нүрпейсованың ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – бүлдіршіндерге «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.
Мерекелік кеште бүлдіршіндер ортаға шығып ән айтып, би билеп, өнер көрсетті. Қазақтың салт-дәстүрі туралы көрініс қойды.
Мерекелік іс-шара соңында бүлдіршіндерге наурызкөже берілді.
«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close