Basty bet

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаты түсіндірілді

Аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне Е-Лицензия, “ИИС ЦОН” ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.
Семинардың басты мақсаты – аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының орындалуының дұрыстығына қолдау және әдістемелік көмек көрсету.
Семинарға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілі Руслан Дәулетов және Ерболат Меңлібаев, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Думан Мейрахат, мемлекеттік қызмет көрсету қағидасымен жұмыс атқаратын мамандар және алмастырушы мамандар қатысты.
Басқосуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Д.Мейрахат ашып, жүргізді.
Алғашқы сөз «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкері Руслан Аманғалиұлына беріліп, ол «Е-Лицензиялау» «ИИС ЦОН» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы баяндады.
Ал, «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкері Ерболат Жәнібекұлы «ИИС ЦОН» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңінен сөз қозғады.
Семинар қатысушылары тақырыпқа байланысты жан-жақты мағлұматтар алды. Ендігі кезекте олар семинардан алған білімді тәжірибелерімен жұмыс барысында ұштастырады деген сенім артылды. Аудан аумағында тұрғындардың қажеттіліктеріне қарай көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапалы және уақтылы орындалуына да баса назар аударылды.

«Жаңа өмір-ақпарат»

Таңдаулы материалдар

Close