Basty bet
Әлеуметтік нысандарда қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет!
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы жұмысшы топтың отырысы өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары, аталған комиссияның төрағасы Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Отырысқа комиссия мүшелерімен қатар бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылы І тоқсанда бейімдеуді қажет ететін нысандарының атқарылған жұмыстарының орындалуы туралы мәселе қаралды. Аталған мәселеге орай аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Наурызова баяндады.
Ол өз баяндамасында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын әлеуметтік қорғау – ұлттық жүйенің негізгі бағыттарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, оның ішінде: мүгедектігі бар азаматтардың кедергісіз ортаға қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отырғанын айтты.
Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің жанынан жұмысшы тобы құрылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұдайы баратын ғимараттары тізімге алынып, кезең-кезеңмен бейімделу жұмыстары атқарылып жатқанын да айтып өтті.
– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда инфрақұрылымды жақсартуға және бейімделуді қажет ететін 2021-2025 жылдарға 86 нысан жоспарланған болатын. Ал биыл бейімделу жұмыстарын жүргізу іс-шара жоспарына сәйкес 17 әлеуметтік маңызы бар нысан бекітілді. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласында алты нысан – (Теріс ауылдық ФАП, Жылыбұлақ ауылдық медициналық пункті, Күреңбел ауылдық дәрігерлік амбулатория және жаңадан соғылатын Ынтымақ, Сұрым, Талапты ауылдық медициналық пункттері), ал білім беру саласында бес нысан – (М.Әуезов атындағы орта мектеп, Д.Пахомов атындағы, Б.Майлин атындағы, Жамбыл атындағы орта мектептер және Ынтымақ негізгі мектебі). Мәдениет саласында төрт нысан (Бақалы ауылдық мәдениет үйі, Ақтөбе ауылдық мәдениет үйі, аудандық орталық кітапхана. Шақпақата ауылдық мәдениет үйі жаңа салынатын нысан). Спорт саласында – бір нысан (Шақпақата ауылдық бокс мектебі) және бір нысан (Жуалы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы).
Бүгінгі күнге берілген хаттамалық тапсырма бойынша 17 нысанның 12-інде (мекеме хаттарының жауабы бойынша) төлқұжаттары (паспорттары) жасалынуда, ал 5 нысан – Ынтымақ, Сұрым және Талапты ауылдық медициналық пункттері, Жамбыл атындағы орта мектеп, Ынтымақ негізгі мектебінің ғимараттары жаңадан салынатын нысандар,- деді баяндамашы
Комиссия төрағасы Анар Ахметова күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелері мен шақырылған мекеме басшыларының мәліметтерін тыңдап, нысандарда бейімделу жұмыстарын жүргізудегі кемшіліктерді жоюды назарға алып, комиссия төмендегі ұсыныстардың негізінде жалпы ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимараттарға кіріп-шығуын қамтамасыз ету жұмысын арттыруды тапсырды.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»