Basty bet
Мемлекет жастардың барлық бастамаларын қолдайды
Уақытша бос жүрген жастарға мемлекеттік бағдарламаларды ұсыну.
Ел дамуын тежейтін елеулі фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы. Мемлекет тарапынан жастарды жұмыспен қамтуға арналған бірнеше бағдарлама бар.
Жастарға арналған шағын несие.
• Несие шарттары.
• Несие саласы: 5 млн теңгеге дейін;
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдың 2,5% дамытуға – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін;
• Негізгі борыш пен сыйақы өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған
• Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті;
• Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б) тартуға болады.
Ауданның уақытша бос жүрген жұмыссыз жастарына “Zhas project” бағдарламасымен 1 млн теңге ұсынылды. 25 наурыз – 24 сәуір аралығында жастардан өтінімдер қабылданады. 25 сәуір – 14 мамыр аралығында жастардың жобаларын іріктеу жұмыстары жүргізіледі.
Маусым-тамыз айлары аралығында жастар өз жобаларын іске асырады, менторлік сүйемелдеу жүреді .
Қосымша ақпаратпен @zhasproject_0820 парақшасынан таныса аласыздар.
«Ауыл аманаты» жобасы ұсынылды. «Ауыл аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту
3) Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау;
4) Мал шаруашылығын дамыту;
5) Басқа бағыттағы бизнес жобалар.
Несиенің негізгі шарттары:
1)Шағын несие мерзімі 5 жылға дейін: мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2)Шағын несиенің ең жоғарғы сомасы-ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК (8,6 млн теңге) зәкірлік коорперация-шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және ауыл шаруашылығы коорперативті үшін 8 мың АЕК (27,6 млн теңге) дейін;
3) Сыйақы мөлшері жылына 2,5 пайыздан аспайды.
«Ауыл аманаты» жобасы туралы толық ақпаратты: https://spk-taraz.kz/kz/сайты, Тараз қаласы, Абай даңғылы №127, Қолбасшы Қойгелді көшесі №173 мекенжайы арқылы немесе 8(7262) 555 075 байланыс нөмірі арқылы білесіздер.
«Бизнес-бастау» жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту».
Кәсіпкерлік негізінде оқыту үшін 3 тармағына сәйкес келетін адамдар business.enbek.kz порталында (бұдан әрі -Портал) тіркеледі.
«Бизнес бастау» жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсына қолжетімділік беріледі. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 күн.
Биылдан бастап «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды. Соған сәйкес төленетін еңбекақы да 107 мың теңгеге өскен.