Basty bet

Ұлттық санақ – ұтымды мүмкіндік!

1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік беретін маңызды науқан.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданғаны белгілі.

Ауыл шаруашылығы санағын өткізудегі басты мақсат – ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алуы, ауыл шаруашылығы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған ауыл шаруашылығы әлеуметтік экономикалық саясатты әзірлеу. Жалпы ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңмен өткізіледі. 1 кезең 1-30 тамыз аралығында онлайн түрде өткізіледі. Шаруа қожалықтармен ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер 100 пайызға дейін қосалқы шаруашылықтар (жеке тұрғындар) 15 пайыз онлайн санақпен қамтып өткізуге жоспарлы жұмыс атқарылуда.
Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18-Ө өкімімен бекітілген «2025 жылы Жамбыл облысы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 3-тармағына «Медиа жоспарды іске асыру: респонденттер (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа-фермерлік қожалықтар, дара кәсіпкер және жеке қосалқы шаруашылықтар) арасында 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу тәртібі мен мақсаттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» сәйкес, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан орталығында және ауылдық округтердің елді мекендерінде баннер, билбордтар орналастырылды. Қазіргі таңда ауданға қарасты әрбір ауылдық округте ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілу үстінде. Бұл мақсатта Жуалы ауданында комиссия құрамы қайта жасақталып, оған қоса іс-шара жоспары бекітіліп, ауыл шаруашылығы санағына байланысты бірқатар жұмыс атқарылды.
Ауданда бұған дейін ұлттық ауыл шаруашылығы санағына шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер 100 пайыз жеке қосалқы шаруашылықтарды 15 пайызға дейін онлайн санақпен қамту бойынша арнайы комиссияның отырысы өтіп, ауылдық округтің әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Оған қоса, ауылдық округтердің чатына және округ әкімдерінің Facebook парақшаларында және аудан әкімі мен ауыл шаруашылығы бөлімінің сайтында қазақша және орысша мәтін салынды. Жалпы аудан көлемінде ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18-Ө өкімімен бекітілген «2025 жылы Жамбыл облысы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» талаптарына сәйкес жүргізілуде деп айтуға толық негіз бар.
Бүгінгі күнге дейін Жуалы ауданында санаққа қатысатын барлық субъектілер, заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықтардың тізімі анықталды. Нақты мәліметке сәйкес, аудан бойынша ауыл шаруашылығы санағына барлығы – 130 заңды тұлға, 4147 шаруа қожалық және жеке кәсіпкерлер, 10 001 жеке қосалқы шаруашылық қатысады деп күтілуде. Барлық ауылдық округтің әкімшілігінде ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңінде респонденттердің онлайн режимде сауалнамадан өтуі үшін өзіне өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылған. Ауылдық округтің әкімшіліктерінде sanaq.gov.kz сайтының сілтемесі ашылған.
Құрметті аудан тұрғындары!
1 тамызда елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл маңызды науқан аталған салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік бермек. Сіздерді ұлттық ауыл шаруашылығы санағына белсене қатысып, осынау ұтымды мүмкіндікті мүлт жібермеуге шақырамын!
Жалғас МҰРТАЗА,
аудан әкімі

Таңдаулы материалдар

Close