Basty bet

Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Себебі, ұлттың келешегі тікелей жас ұрпақтың қандай тәрбие алатынына байланысты. Мұхтар Әуезовтың “Ел болам десең, бесігіңді түзе” деген қанатты сөзі де осыны меңзейді.
Ұрпақ тәрбиесі – тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның, мектептің, мемлекеттің ортақ міндеті. Отбасында бастау алған тәрбиенің мектеппен, қоршаған ортамен ұштасуы – бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің басты жолы. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне ерекше мән берген. «Тәрбие – тал бесіктен» деп ұрпағын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, адалдыққа, еңбекқорлыққа баулыған.
Қазіргі заманда бала тәрбиесі күрделене түсті. Ақпараттың еркін айналымы, интернет пен технологияның дамуы, сыртқы әсерлер – жас буынның санасына түрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды сіңіріп жатыр. Осы жағдайда ұлттық тәрбиенің рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Біз жастарға рухани байлықты, имандылықты, отаншылдықты, ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді бойына сіңіріп, заман талабына сай білім мен тәрбие беруіміз қажет.
Ұрпақ тәрбиесіне салғырт қараған елдің болашағы бұлыңғыр. Ал рухани тұрғыда бай, парасатты, білімді ұрпақ тәрбиелеген ұлт мәңгі жасайды. Сондықтан әрбір отбасы, әрбір мұғалім, әрбір азамат ұрпақ тәрбиесіне атсалысып, ел ертеңі үшін жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Қорытындылай келе айтарым, ұлт болашағы – ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың дұрыс жолмен өсіп-жетілуі – біздің берген тәрбиемізге байланысты. Демек, болашаққа салынған әрбір қадам – бүгінгі тәрбиеден бастау алады.

Жеңісбек Сейітбеков,
“Жастар ресурстық орталығы” КММ-ның директоры

Таңдаулы материалдар

Close