Basty bet
Бала терезеден құлап кетпес үшін
Бала-кішкен зерттеуші, сондықтан ол айналасын тану мақсатында түрлі, соның ішінде, қауіпті әрекеттерге де барады. Әрине, терезе және оның артындағы әлем – бала үшін өте қызық әрі таныс емес дүние екені құпия емес. Баланың терезеден құлауының басты себебі-бала қолымен оңай ашылатын қорғалмаған терезе. Москит тор да баланың терезеден құлап кетуіне себеп болады: бала москит торға сүйенуге болады деп ойлайды, алайда ол оның салмағын көтермейді. Егер терезенің қасында үстел немесе тумбочка тұрса, бала өміріне деген қауіп жоғарылай түседі.
Балаларда, әсіресе, қасында ата-анасы бар кезде қорқыныш сезімі болмайды. Сондықтан 1-2 минутқа алаңдап кетсеңіз, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда 5-жасқа дейінгі балалар, соның ішінде ұл балалр жиі тап болады. Қайғылы жағдайдың орын алуына терезенің жанында тұрған жиһаз жиі себепкер болады екен.
Бала ата-анасының және отбасыдағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан өзіңіз де терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қаураудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз. Әрдайым терезеге алыстан қарап, қатты жақындауға болмайтынын түсіндіріп жүрініз.
Жуалы ауданы Төтенше жағдай бөлімі
