Basty bet

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы
1 шілдедегі №1338 Жарлығына және «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 қаулысына сәйкес, Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлаймыз.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Д.Қонаев көшесі, 6.
Телефоны: 8 (72635) 2-04-47
Комиссия төрағасы: Алтыбаева Нурзия Бахторазовна;
Төрағаның орынбасары: Данияров Бахытжан Есентаевич;
Комиссия хатшысы: Боранбаев Шынгис Макулбекович;
Комиссия мүшелері: Әмірхан Сұлтанғазы Сәбитұлы;
Джузбаев Ерназар Оралбекович;
Копбаев Нурлан Нурмагамбетович;
Уринов Исламбек Режаббаевич.
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Таңдаулы материалдар

Close