Basty bet

Ежелгі жазудың құпиясы

Ежелгі Қаңлы мемлекетінің осыдан 2000 жыл бұрын жазуы болғандығын Қазақстан тарихшылары ғана емес, көптеген шетелдің беделді ғалымдары да айтып та, жазып та келді.
Біраз жыл бұрын Шымкент қаласында тұратын тарих ғылымдарының докторы, профессор, архео­лог Александр Подушкин Арыс ойпатынан ежелгі Қаңлы мемлекетінің қышқа жазылған жазуын тауып, үлкен тарихи жаңалық ашқан болатын-ды. Осыдан бес жыл бұрын белгілі ғалым Парижге барып, француз ғалымдары алдында баяндама жасап, үлкен беделге ие болды.
Зерттеп, зерделеу үшін осы құнды жәдігер Лондон университетінің профессоры, көрнекті палеолингвист Николас ­Симс-Уильямске берілді. Арада екі жыл өтіп, қуанышты хабар келді. Арыс ойпатынан табылған жазу екі мың жыл бұрын қышқа жазылған Қаңлы мемлекетінің жазуы болып шықты. Бұл әлем тарихындағы елеулі жаңалық десек, қателеспеген болар едік.
Жақында Алматы қаласында профессор А.Н.Подушкин «Қаңлы мемлекеті» атты дәріс оқып, оған белгілі ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, зиялы қауым қатысты. Осы басқосуда адамзаттың өркендеуіне үлкен үлес қосқан Қаңлы мемлекеті туралы жан-жақты, тұжырымды, дәйекті әңгіме қозғалды.

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК,
жазушы-режиссер,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close