Basty bet
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн адамдар үшiн арнаулы әлеуметтiк төлем енгiзу
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ұзақ уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы кәсіптік мемлекеттік әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындаудың міндетті шарттары: 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік жәрдемақы; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен. Бұдан басқа, жұмыскерлерге БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу құқығы беріледі.
Әлеуметтік кодекске сәйкес, жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі болады.
Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады.
Осылайша, егер адам төлем алу құқығын пайдаланса және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істесе, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.
Арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін қызметкер келесі қызмет нұсқаларының бірін таңдауы керек:
1. жұмыс берушімен келісім бойынша сол кәсіпорындағы зиянды еңбек жағдайларымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстыруды ұйымдастыруға;
2. зиянды еңбек жағдайларымен байланысты емес кәсіпорыннан тыс басқа жұмысқа өз бетінше тұруға;
3. жұмысты жалғастырмау.
55 жастан асқан қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мынадай шараларына қатыса алады:
«ENBEK» электрондық еңбек биржасында бос орындарға өз бетінше жұмысқа орналасу.
Ізденушілер жеке кабинеттерде түйіндеме жасайды, жұмыс іздеуді жүзеге асырады. Порталда әр түрлі критерийлер бойынша, оның ішінде халықтың әр түрлі мақсатты топтары үшін қолжетімді бос орындарды кеңейтілген іздеу мүмкіндігі бар. Түйіндемеде көрсетілген кәсіп пен дағдылар бойынша бос орындарды автоматты түрде іріктеу мүмкіндігі бар. Жұмыс іздеушілер жеке кабинеті арқылы бос орындарға жауап жолдайды, жұмыс берушілерден әңгімелесуге шақыру және жұмысқа орналастыру туралы шешім алады.
Алтынай Абдраимова,
зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің
бас маманы