Basty bet

Референдум – халық пен биліктің арасындағы сенім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында тоғыз өзекті бағытқа тоқталып өтті. Соның ішіндегі ең маңыздысы, қазіргі таңда өзекті болып отырғаны Қазақстанда атом электр стансасын салу болып отыр.

Президент бұл ретте жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін баса атап өтті.

Өйткені қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын

Атом энергетикасы қазір болашақта энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа талаптарына жауап болып табылады, өйткені ел экономикасының жоғары өсуі жаңа энергия көздерін қажет етіп отыр. Осыған байланысты жаңартылатын көздер мен атом энергетикасы экологиялық таза және тиімді көздер ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, атом энергетикасы әсіресе әлемнің дамыған елдерінде танымал.

Қазақстанда АЭС салу еліміздің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын шешім болып табылады. Өйткені егер Атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған жағдайда, жаңа жұмыс орындары ашылады. Осылайша, құрылыс 8 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, ал стансаны пайдалану кезінде тікелей 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орындары ашылады деп болжануда.

Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс.

Сондықтан барлығымыз біркісідей 6 қазан өтетін жалпыұлттық референдумға қатысып, болашақ ұрпақ үшін маңызды шешім қабылданатынына сенім мол.

 

Керімқұл Бегалиев,

Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Close