Basty bet

Есірткі заттарын сақтаудағы немқұрайдылық үшін жаза бар

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 427-б. 1-б. (Психотроптық заттарын сақтау объектілеріндегі техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша аудандық орталық аурухананың медбикесіне қатысты іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың 28 ақпанында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша полиция қызметкерлерімен аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінің психотроптық дәрі-дәрмекті сақтау қоймасын тексерудің нәтижесінде, қауіпсіздік дабыл қағу құралының болмағаны анықталып, аталған факті бойынша хаттама толтырылған.
Cот отырысында медбике А. өз кінәсін толық мойындап, аталған факті бойынша түсініктеме берді.
Сот қаулысымен медбикеге ӘҚБтК-нің 427-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 64 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close