Basty bet

2024 жылдың 1 тоқсанында Жамбылдықтар vip-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады?

2024 жылдың І тоқсанында мамандандырылған ХҚКО 235 жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 74 млн. теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2023 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 67 млн теңгеден асқан.
Еске сала кетсек, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.
2024 жылы 010, 077, 080, 707, 800, 888 және 777 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (210 444 теңге) құрайды.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (1 052 220 теңге) тұрады.
Жалпы, І тоқсанды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімімен 43 мың. астам көлік тіркелді.
ХҚКО-ның аудандық бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close