Basty bet

Ауылда спорт кешенінің ғимараты бой көтеруде

Нұрлыкент ауылында спорт сауықтыру кешенінің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Құрылысты «Сырым Блеке» ЖШС жүргізуде. Нысанның жалпы құны – 455,0 млн теңгені құрайды.
Қазір құрылыс орнында 10 азамат жұмыс атқаруда. Техника қауіпсіздігі сақталған.
Заманауи спорт кешені ауыл тұрғындарына қажетті әлеуметтік нысандардың бірі. Тұрғындарды саламатты өмір салтына шақырып, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін жүзеге асып жатқан мұндай жобалар қашанда мемлекет тарапынан қолдауға ие. Ауылдағы спорт кешені ел игілігіне пайдаланылып, әлемдік додада өнер көрсететін спортшылар тәрбиеленеді деп сенеміз. Бүгінгі таңда ғимараттың жері тегістеліп, қазан шұңқырлары қазылып, іргетасы құйылуда. Кірпіші қаланып, қабырғасы бой көтеруде. Қалған жұмыстар жоспарға сай кезең-кезеңмен жүргізіледі дейді құрылысқа жауапты мамандар.
Айта кетейік, спорт кешені қазіргі заманғы арнайы құралдармен жарақтандырылады. Бұл болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындауға тиісті жағдай жасауға мүмкіндік бермек. Нысан 2026 жылға өтпелі болғандықтан, кірпіштерін қалау жұмыстарымен биыл тоқтамақ. Нысан барлық заманауи талаптарға сай жабдықталмақ. Спортзал ғимараты бір қабатты, жоба бойынша 21,00х48,5м осьтері бойынша өлшемдері тік төртбұрыш тәрізді. Сейсмикалық табанмен бөлінген екі блоктан тұрады. Бірінші блокта киім ауыстыратын бөлмелер, душ бөлмелері, қосалқы бөлмелер қарастырылған. Екінші блокта әмбебап спорт зал қарастырылған. Спорт залдарының өтімділігі ауысымына 15 адамды кұрайды, жаттығу сабағының ұзақтығы: 1,5 – 2 сағатқа дейін. Спорттық жабдықтар мен жиһаздар жиынтығы стандартты жиынтыққа сәйкес және ҚР ҚНжЕ талаптары бойынша қабылданды.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close