Basty bet
“Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру” мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы
“Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру” мемлекеттік қызметін көрсету, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 49-1 бабы негізінде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.
Өтініш белгіленген нысанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не “электрондық үкімет” веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы береді.
Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне келіп түскен кезден бастап сегіз жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.
Көрсетілген мерзімге:
жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын немесе жер-кадастрлық жоспарды дайындау және беру кезеңдері кірмейді.
Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі келіп түскен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішт ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жіберіп, осы құрылымдық бөлімшенің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы түпкілікті қорытынды келіп түскеннен кейін, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі қабылданады.
Нұрпейіс Мұратов,
Бауыржан Момышұлы
ауылы әкімі аппаратының
бөлімше басшысы