Basty bet

Көппәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік

Құрметті Жуалы ауданы тұрғындары, өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

– Электр сымдарының, ажыратқыштардың, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз;

– Электр құралдарын, плиталарды перделер мен жиһаздардан алшақ жерде, жарамды күйде қолданыңыз;

– Жоғары қуатты электр құрылғыларының бір желісіне қосылуына жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;

– Киімдерді кептіру үшін жылытқыштарды пайдаланбаңыз;

– Жертөлелерде өрт қауіпті материалдарды сақтамаңыз;

–  Үйден шыққан кезде барлық газ және электр жабдықтары өшірілгеніне көз жеткізіңіз;

– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Жуалы ауданы ТЖБ

Таңдаулы материалдар

Close