Basty bet

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жуырда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Б.Момышұлы ауылындағы, Орталық саябақта Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын және «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарға мемлекеттік бағдарламаларды тереңінен түсіндіру мақсатында «Болашаққа бағдар» атты жастарға кеңес беру алаңы және «Жас маман» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аталған шараны «Жастар ресурстық орталығының» директоры М.Телеушов және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Н.Әнуарбеков ашып, шараға келген жастарға көкейлерінде жүрген сауалдардың жауабын алып, керегінше мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өз мүмкіндіктерін пайдаланудың қажеттігін айтты.
Кеңес беру алаңында аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы», аудандық орталық аурухана, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының өкілдері ауданы білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі, Жер қатынастар бөлімі, Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімдерінен мамандар келіп жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
«Жас маман» бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – Бос жұмыс орындарының саны 1, Автокөлік жүргізушісі (тұрақты); «№5 Михаил Ломоносов атындағы ОМ» КММ – Бос жұмыс орындарының саны 2, Ағылшын тілі пән мұғалімі (тұрақты), Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі (тұрақты); «№4 Тұрар Рысқұлов атындағы ОМ» КММ – Бос жұмыс орындарының саны 1, Математика пәнің мұғалімі (тұрақты); Қошқарата ауылы әкімі аппараты – Бос жұмыс орындарының саны 1, Есепші (тұрақты); «№1 МГ» КММ – Бос жұмыс орындарының саны 2, Математика пәні мұғалімі (қазақ бөлімі/орыс бөлімі тұрақты); «№11 Тайыр Тастандиев ОМ» – Бос жұмыс орындарының саны 1, Математика пәні мұғалімі (тұрақты); Жуалы ауданы полиция бөлімі – Қажетті мамандық құқықтану, бос жұмыс орны 7 (тұрақты); «Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ – Бос жұмыс орындарының саны 1, Тракторист (тұрақты); «Бурненская сүт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Бос жұмыс орындарының саны 4, Тиегіш (тұрақты); «Сұңқар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Бос жұмыс орындарының саны 10, Әртүрлі жұмысшы (тұрақты) бос жұмыс орындары ұсынылды.
Сонымен қатар, шара барысында Кеңес беру алаңына NEET санатындағы жастар да таратылып, кеңестермен қатар бос жұмыс орындарына тарту шаралары жүргізілді.

Айгерім ҚАСЫМҒАЛИ,
«Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы

Таңдаулы материалдар

Close