Basty bet
Ішімдік және өрт
Қазіргі таңда «Отпен абай болыңыздар!», «Өшірілмеген темекі мен сіріңкелерді тастамаңыздар – ол жамандыққа апарып соқтырады!», «Үйлеріңізді өрттен сақтаңыздар!» деген мәндегі сөз орамдарын еститініміз жасырын емес.
Біз осы сөз орамдарының мән-мағынасына терең бойлаймыз ба? Өкінішке қарай, ұмыт қалдырып жататынымыз рас. Ал ұқыпсыз адам ұмытып кеткен,дәл осы тұтанған темекі немесе сіріңке, талай бақытсыздықтың себепкері болуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, адамдардың кесірінен болған өрттердің жартысынан көбі тұрғындардың отпен абайсыз болуынан пайда болған.
Отқа бей-жай қарау салдарынан тұрғын үйлер, көлік тұрағы, құрылыстар зардап шегеді. Кейбір адамдардың кешірімсіз қателіктерінен үй жиһаздары, бағалы заттары мен киімдері толығымен жанып кетіп жатады.
Мас адамның қолындағы тұтанған темекі немесе шырпы әрқашан да өртпен ұласатынын естен шығармаған жөн. Әсіресе, құрылыс вагондарында пайда болады. Мастықтың салдары өте ауыр болатыны барлығына белгілі – адамдардың қаза болуы, күйіп қалу, ауруға шалдығу.
Атап айтқым келетіні, адамдардың мас күйінде жұмысқа келуі аса қауіп туғызатындықтан, бекітілген заңнамаға сәйкес, соңы ауыр зардаптарға ұласпаса да жұмыс уақытындағы маскүнемдігі үшінжоғары жауапкершілік орнатылған. Адамдар мас күйінде қоғамға қарсы әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатылмайтынын, және ол үшін толықтай жауап беретінін әрдайым есте қатаң сақтау керек!
Жуалы ауданы ТЖБ