Basty bet

Қатал қаңтар

Қатал қаңтар қаһарына мініп тұр,
Күннің көзі күмілжиді төгіп нұр.
Аян еді күн жылт етсе, қар еріп,
Сай-саланы сағалайтын етіп жыр.

Шатырдан еш тамшы ақпайды сіресіп,
Шұнақ аяз шымшылайды тіресіп.
Алма беттер аяз сүйсе қызарып,
Қос құлақ та сыр береді ілесіп…

Көл-дария көңілдерді мұздатып,
Жатса-дағы су бетіне мұз қатып.
Бәрі өткінші табиғаттың мінезі,
Өшірмейік үміт отын маздатып.

Алда келер ақпан-тоқпан әлі бар,
Ақпаныңда ақ боранға салынар.
Табиғаттың тартуы деп білейік,
Әрбір айдың өзіндік бір мәні бар.

Аяз да өтер, амал да өтер, қыс та өтер,
Көктем келіп, әлі-ақ құстар әндетер.
Ең бастысы, елім, жұртым аман боп,
Тәуелсіздік әз халқымды мәңгі етер!!!

Пернебек БЕРДІМБЕТОВ,
зейнеткер.
Шақпақата ауылының тұрғыны

Таңдаулы материалдар

Close