Basty bet

«Таза Қазақстан» акциясы өтуде

Құрметті аудан тұрғындары!

Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауын орындау мақсатында, қалалар мен елді мекендердің айналасында рұқсат етілмеген полигондардың таралуына байланысты төмендегіні ескертеміз!
Мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде тиісті алдын алу шараларын, оның ішінде, қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленген орындардан тыс жерде сақтауға жол бермеу бағытында Жуалы ауданы көлемінде әкімдіктермен, табиғатты қорғау және экологиялық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, экологиялық белсенділермен бірлесіп, ағымдағы жылдың сәуір айының 15-нен мамыр айының 15-ші күндері аралығында белгіленбеген орындарда қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығару фактілерін анықтау мен жолын кесу бағытында «Таза Қазақстан» іс-шарасы өткізілуде.
Қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастамаған жағдайда Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес, жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймын!
Дәурен Сапиев,
аудандық полиция бөлімінің бастығы,
полиция полковнигі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close