El іshі

Қылқалам құдіреті

Розалина Ашурова – №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы, қылқалам шебері. Бастауыш сыныптан бастап көркемсурет өнеріне деген қызығушылығы жоғары. Жас суретші графикалық бағытта сурет салғанды ұнатады.
Розалина көбінесе түрлі түсті қаламды қолдана отырып, көздің жауын алатын көптеген туындыларды салады. Ол түрлі облыстық, аудандық сурет байқауларының жүлдегері. Аудандағы №1 балалар өнер мектебінің көркемсурет үйірмесінің оқушысы. Бойындағы өнерін шыңдау мақсатында суретші Қанат Мұратаевтан көркем сурет өнерінің қыр-сырын үйренуде. Ал, мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақмарал Оразалиева жетекшілік етуде.

Таңдаулы материалдар

Close