El іshі

Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығы.
Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-14) тармақшасына, “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй сертификаттарын беру мен “Тұрғын үй сертификаттарын беру” мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі – ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысы бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынады.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ипотекалық тұрғын үй қарызы – сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй мүлкі ипотекасымен қамтамасыз етілген тұрғын үйді сатып алу мақсатында берілетін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің ипотекалық қарызы, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары;
2) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
3) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) әкімші – әкіммен анықталатын жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.
“Тұрғын үй сертификаттарын беру” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері 1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы”; 2) “электрондық үкіметтің” веб-порталы;
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күні
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күні Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады;
2) “электрондық үкіметтің” веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) Мемлекеттік корпорацияға:
“Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) “электрондық үкімет” веб-порталына:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі; банктік шотының электрондық көшірмесі; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады.
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуынан оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде “электрондық үкіметтің” веб-порталындағы “жеке кабинеті”, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ “1414”, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. “Электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close