El іshі

Ұсыныстар ескеріледі

Апта басында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда негізгі мәселелер ретінде «Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2021 жылғы 25 желтоқсанындағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №18-7 шешімдеріне өзгерістерге ұсыным беру туралы» және 2021 жылғы 25 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» №19-2 шешіміне өзгерістер енгізуге ұсыным беру туралы» мәселе қаралды.

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысын төраға Әбдікерім Уркумбаев ашып, құрамы жаңадан жасақталған кеңестің және оның мүшелерінің алдында бірлесіп атқаратын межелі міндеттердің тұрғанын айтып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Отырыста көтерілген бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қалима Мықтыбекова жауап берді.
Баяндамашы өз сөзінде, облыстық бюджет есебінен берілген нысаналы даму трансферт сомасы 147938,0 мың теңге болатын қаржының сметасында барлық шығын, оның ішінде, комиссия мүшелерінің ұсыныстары бойынша көтерілген Ақтоған, Бәйтерек, Кәріқорған ауылдарындағы су ұңғымалары да енгізіліп отырғанын жеткізді, сонымен қатар, қажетті болған жағдайда тиісті мекемелер ұсыныс хаттарды құжат түрінде ұсынатынын жеткізді.
Келесі кезектегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «2022-2024 жылдарға арналған Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» №19-2 шешіміне өзгерістер енгізу бойынша бөлім басшысы Қ.Мықтыбекованың хабарламасы тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша көтерілген ұсыныстарға, бөлінген қаражатқа отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері Т.Қуатбеков Бауыржан Момышұлы ауылы мен Мыңбұлақ ауылдық округіне қойылатын жол кедергісіне бөлінген қаражатқа, аудандық полиция бөлімінің бір ғана нұсқаулығы жеткіліксіз екенін, аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тиісті бөлімінің тарапынан бекітілген, келісілген шешім (тағы басқа) жоқтығын алға тартып, қойылған соманы қарамауға, келесі жолға қалдырылуына ұсыныс жасады. Сонымен бірге, Нұрлыкент ауылында кесілетін талдарға сұраныс жасаған қаражатқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев және қоғамдық кеңестің мүшесі М.Нұрпейісов, Нұрлыкент ауылындағы жыл сайын кесілетін ағаштардың айналасында көптеген «айқай – шу» бар екенін, кесілген ағаштарды ретке келтіріп барып, нақты бағасын анықтап, содан кейін ғана ұсыным берілсін деген уәждерін айтты.
Ал, Шақпақ ауылдық округі аппаратындағы автокөлікті жөндеуге қойылған қаражаттың нақты шығын түрлерін, тізбесін ұсынсын деген қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары ескерілді.
Кеңес отырысында басқа да әртүрлі мәселелер қаралды.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close