«Nur Оtаn» партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жыл басындағы алғашқы отырысында Билікөл және Күреңбел ауылдық округтері әкімдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарына есеп берді.
Отырысты партия аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Ермек Абдивайтов ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын баяндау үшін сөзді Билікөл ауылдық округінің әкімі Талғат Әмірәлиевке берді.
Баяндамашының айтуынша, округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, жауапты қызметкер бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызмет этикасын сақтау жөніндегі комиссия құрылып, сенім телефондары мен арнайы жәшіктер қойылған. Барлық мемқызметшілер жыл басынан салық декларациясын тапсыруда.
Күреңбел ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы, сыбайлас жемқорлықпен күрестің жай-күйі, жемқорлық тәуекелдерін азайту, басқа да атқарылған шаралар туралы округ әкімі Ғани Жұбаев баяндады.
Қоғамдық кеңес мүшелері Керімқұл Бегалиев, Абылайхан Сәрсен және басқалар есеп беріп отырған басшыларға елдімекендерді газдандыру, ауыз су құбырларын тарту, жол жөндеу, басқа да салалардың жұмысы мен тұрғындардың тыныс-тіршілігіне қатысты сауалдарын қойып, жауаптар алды.
Жиында қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертпелер қамтылған қаулы қабылданды.
«Жаңа өмір»-ақпарат