El іshі
Жер телімдері игеріліп, көпқабатты үйлер салынады
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында өткен жылдың қыркүйек айында Бауыржан Момышұлы ауылында көп пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, жыл соңында аяқталды.
Объектідегі құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер компания «Бином» ЖШС жүргізсе, «Құрылыс және техникалық зерделеу дирекциясы» ЖШС техникалық қадағалауды, “Архдизстрой” ЖШС авторлық бақылауды жүзеге асырды.
Одан бөлек, Б.Момышұлы ауылында көп пәтерлі тағы да 10 үйдің құрылысы үшін әзірленген жоба-сметалық құжаттамалары негізінде мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Б.Момышұлы ауылында жалпы сметалық құны 276,8 млн теңгені құрайтын 3 қабатты 18 пәтерлі үйлердің жобалары облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Соның ішінде: тұрғын үй – 6 нысанға – жалпы 4 233,6 млн. теңге (3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй 1 нысан және 5 қабатты 60 пәтерлі) – 5 нысан;
Ағымдағы жылдың ақпан айындағы мәліметке сай ауданның жергілікті атқару органдарында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімін алу үшін кезекте тұрғандардың жалпы саны 3 236 адамнан асып отыр. Кезекте тұрғандардың шамамен жартысынан астамы аудан орталығына келеді – 1847 (58,1%), Ақсай ауылдық округінде -269 (8,3%), Боралдай ауылдық округінде – 18 (0,55%), Нұрлыкент ауылдық округінде – 335 (10,4%), Көкбастау ауылдық округінде – 356 (11%), Шақпақ ауылдық округінде -111 (3,4%). Мыңбұлақ ауылдық округінде – 300 (9,2%).
Ауданымыздағы кезекте тұрған азаматтарға берілетін жер телімдері санын арттыру мақсатында бас жоспарларға сәйкес «2022-2025 жылға дейін дамыту картасы» әзірленген.
Биылғы жылға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 220,0 млн. теңгеге үш тұрғын алапқа (Теріс (15 га), Қосбөлтек (15 га) және Нұрлыкент (10 га) 6 жоба (ИКИ) бойынша инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігерлер анықталуда.
Оның үш жобасы (ИКИ) сумен жабдықтау (98,9 млн) ал қалған үш жоба (ИКИ) нысаны газбен жабдықтау (121,1 млн). Аталған жұмыстар орындалған жағдайда, нәтижесінде 186 жер телімі инфрақұрыллыммен қамтамасыз етіледі.
Теріс ауылындағы 15 га жаңа тұрғын алапта 3,960 км электр жүйесі тартылып, 2022 жылға су желісінің ұзындығы – 5,044 км жобасына 33 242,0 мың теңге, ал газ желісінің ұзындығы – 2,420 км жобасына 44 239,3 мың теңге бюджеттен бөлініп, іске асырылған жағдайда, бұл өз кезегінде 65 жер телімі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қосбөлтек ауылындағы 15 га жаңа тұрғын алапта 4,517 км электр жүйесі тартылып, 2022 жылға су желісінің ұзындығы – 6,057 км жобасына 39 385,0 мың теңге, ал газ желісінің ұзындығы – 3,136 км жобасына 43 473,0 мың теңге бюджеттен бөлініп, іске асырылған жағдайда, бұл өз кезегінде 64 жер телімі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Нұрлыкент ауылындағы 10 га жаңа тұрғын алапта 3,950 км электр жүйесімен қамтамасыз етіліп, 2022 жылға су желісінің ұзындығы – 5,011 км жобасына 26 235,0 мың теңге, ал газ желісінің ұзындығы – 2,621 км жобасына 33 430,0 мың теңге бюджеттен бөлініп, іске асырылған жағдайда, бұл өз кезегінде 57 жер телімі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»