El іshі
Мұғалімдер біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасты
№27 Диқан орта мектебінің базасында ауданның информатика пәнінің мұғалімдері пәндік және базалық кәсіби құзыреттіліктерін дамыту «Python бағдарламалау тілі» тақырыптары бойынша біліктіліктерін арттыруда.
Дәрісті «ӨРЛЕУ» АҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ербол Хусаинұлы жүргізді. Курс аясында мұғалімдерге пәнді оқытудың тиімді жолдары арқылы күрделі тақырыптарды (Python бағдарламалау тілі) меңгерту үшін теориялық және тәжірибелік жұмыстарды топта талқылап орындап, тәжірибеде қолдануда.
Сонымен қатар, Python тілінің ерекшеліктері, алфавиті және синтаксисі, Sep және end параметрлері. Бүтін санды арифметика, шартты операторлар, For операторы, range функциясы, тізім элементтерін шығару, Split және join әдістерімен тесттегі күрделі есептерді Python бағдарламалау тілінде шығаруда.
Жаңа тақырыпты бекітуде Gimkit, MIRO тақтасы, Whiteboardfox.com арқылы кері байланысты linoit.com, www.zipgrade.com, www.baamboozle.com wooclap.com онлайн қызметтерді жоғары деңгейде пайдаланды.
Курс барысында цифрлық технологиялармен байланысты кәсіби даму мен дағдыларды игеру мәселелеріне баса назар аударылды. Аталған курсқа ауданның 21 мектебінен 30 мұғалім қатысты.
Роза ДАРХАНБЕКҚЫЗЫ,
аудандық білім бөлімінің әдіскері