El іshі
Кішкентай жарық жұлдыз
«Аягүл» бөбекжай-балабақшасының музыка пәнінің мұғалімі Гүлзия Оңғарованың жетекшілігімен «Балдәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі Мәруар Жанұзаққызы Тараз қаласында өткен «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен, «Шабыт қанатында» ІV Республикалық шығармашылық конкурсында «Ән салу өнері» бойынша өнер көрсетіп, «Бас жүлде» иегері атанды. Алматы қаласында және Өзбекстанда өтетін халықаралық конкурсқа жолдама алды. Сонымен қатар, жетекшісі Гүлзия Кеңесқызына «Үздік жетекші» дипломы мен сертификаты табысталды.
Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршініміз 8-9 мамырда өткен «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен, VIII Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен және «Үздік орындаушы» медалімен марапатталып, Түркия мемлекетіне жолдама берілді.
«Аягүл» бөбекжай-балабақша меңгерушісінің м.у.а Мереке Әскербекқызы «Балдәурен» тобының тәрбиешілері Фариза Болысбаеваны және Гүлнар Төлендіқызын Алғысхатпен, музыка жетекшісі Гүлзия Оңғарованы «Үздік дарынды балалар жетекшісі» медалімен және Құрмет грамотамен марапаттады.
Балабақшаның мақтанышы Мәруар топ белсендісі, жан-жақты, өнерлі, алғырлығымен және зеректігімен ерекшеленіп тұрады. Мәруардың әкесі Жанұзақ Ниязов аудандағы 91678 әскери бөлімінде оператор болып жұмыс істесе, анасы Әсем Омарова №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда мұғалім болып қызмет атқарады. Мәруар отбасында екінші перзент. Отбасы да өнерден алыс емес. Ән салу кішкентай Мәруарға әжесінен дарыған. Ата-анасы қыздарының қабілетін байқап, оны өздері осындай үлкен додаларға дайындап, үнемі жанынан табылып, қолдап отырады. Балабақша түлегі, мектеп табалдырығын аттағалы отырған Мәруарға сәттілік тілейміз. Болашақта үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.
Фариза Болысбаева,
«Аягүл» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі