Bіz týraly

Жастар саясатының үздігі атанды

Жуырда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim-оrkenieti» ұлттық инновациялык ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттер мен мамандар арасында байланыс орнату мақсатында «Әділетті Қазақстанның тірегі – адал жастар» атты республикалық форумы өтті.
Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республиканың жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҮЗДІГІ» республикалық байқауында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері Нұртілеу Төрен мен Жадыра Ерғалиқызы I дәрежелі Диплом, төсбелгі және арнайы статуеткамен марапатталды.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close