Bіz týraly

Жастар практикасымен жұмысқа орналасты

Жастар санатының шегі 35 жасқа дейін ұзарды. 39 жасқа дейінгі азаматтар мемлекеттен беріліп жатқан қайтарымсыз грант, тиімді пайызбен үй алу мен жастарды жұмыспен қамту шараларына қатыса алады. Бүгінгі әңгімемізде біз жастар практикасымен жұмысқа тұрған Гүлбану Ғаниқызы жайлы айтамыз.Гүлбану Душмуратова Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны. 2018 жылы №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияны үздік аяқтайды. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, химия пәнінен аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпазы болған. Солардың бірі, 2016 жылы химия пәнінен ғылыми жұмыс жазып, облыстан III орын иеленген. Ал, 2017 жылы Орал қаласында информатика пәнінен өткен «Ecoform» республикалық топтық жарыста III орынды иеленген. Ол 2018 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығына грант негізінде оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнында да сабағын үздік оқыған Гүлбану қайырымдылық шараларына да белсене қатысады. Соның бірі, «Жан жылуы» қайырымдылық қорында жетімдер мен қарттар үйіне азық-түлік апарып, олардың көңілдерін бір көтеру үшін арнайы концерттер ұйымдастырып тұратын.
Гүлбану Ғаниқызы 2022 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін қызыл дипломмен аяқтап, оқушыларға білім беру үшін ауданға қайта оралады. Осы жаз айында аудандық жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркеліп, бір жылдық жастар практикасымен №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияға жұмысқа орналасады. Оған тәлімгері ретінде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тағайындалды. Мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырып көмектеседі. Шығармашылыққа жақын Гүлбану бос уақытында кітап оқып, күнделік жазғанды ұнатады.

Үміт Мадиярбек

Таңдаулы материалдар

Close