Basty bet

АУДАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «14» наурыздағы №37-Ж/Қ өкімімен Нарбай Әбілқасымұлы Ергебеков Жуалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданға арнайы барған облыс әкімі Асқар Мырзаxметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Нарбай Әбілқасымұлы артылған сенімді ақтауға барын салатынын, өңірдің дамуы жолында аянбай тер төгетінін жеткізді. Асқар Исабекұлы өңір экономикасын көтеруде, әлеуметтік мәселелерді шешуде аудан басшыларына артылар міндеттің мол екенін баса айтып, жаңа әкімге нақты тапсырмалар жүктеді. Ал, бұған дейін ауданды басқарып келген Бақтияр Көпбосынов облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Айта кетейік, Нарбай Әбілқасымұлы Ергебеков 1963 жылы туылған. Білімі жоғары. 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «гидромелиорация», 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «жерге орналастыру және жер ресурстарын басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Ол еңбек жолын 1987 жылы Жуалы ауданындағы Ақсай су шаруашылық басқармасының инженері болып бастаған. Ақсай су шаруашылық басқармасының бастығы, Жуалы аудандық жер инспекциясының инспекторы, бастығы, Жуалы ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың наурызынан бастап Жуалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Таңдаулы материалдар

Close