Basty bet

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік басқарушы органдарының алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызмет көрсетудің қолайлығы мен сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.
Мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей қол жеткізуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №269 «Цифрлық трансформация тұжырымдамасын бекіту туралы» Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы жергілікті әскери басқару органдары 10 мемлекеттік қызмет көрсетсе, 2024 жылы цифрландырудың арқасында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Оның ішінде, әскери билет цифрлық форматқа ауыстырылды. Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтерді электронды үкімет порталының ресурсын пайдалана отырып, автоматты түрде алады.
Бұрын басқа елдімекеннен көшіп келген азаматтар тұрғылықты жергі тіркелген соң, жергілікті әскери басқару органына да тіркелу міндетті болған. Биылдан бастап бұл қызмет толықтай автоматтандырылып, қазір азамат немесе азаматша тұрғылықты жерге тіркелген кезді автоматты түрде өтініш бермей-ақ әскери есебі де сол ауданға ауыстырылады.
Зейнетке шығатын кезде азаматтар әскери қызметті өткеруді растау туралы анықтама алу үшін электронды үкімет порталы арқылы жергілікті әскери басқару органдарына өтініш беру керек болған, қазір ол қызметте толықтай автоматтандырылып, зейнетақымен қамсыздандыру органдарының ақпараттық жүйелері біздің жүйемен интеграцияланып, әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтер автоматты түрде беріледі.

Дастан Аязбеков,
Жуалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызмет басшысы

Таңдаулы материалдар

Close