Qoǵam

Тазалық – көпке ортақ шаруа

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында тазалық жұмыстары жалғасуда.
Апта басында қоршаған ортаға қамқорлық жасап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған шараға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен мекеме қызметкерлері және «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен бір топ еріктілер қатысты.
Акция аясындағы сенбілік аудан орталығындағы Жібек жолы көшесінің бойынан бастау алып, әрі қарай Рысбек батыр көшесінде жалғасты. Сенбілікте санитарлық тазалық пен электрбағандарын әктеу, сырлаумен қатар жол белгілерін ретке келтіру жұмыстары жасалды. Онымен қоса, жол жиегіндегі шөптерді орып, жаяу жүргіншілер жолын арамшөптерден тазартып шықты. Сенбілікте әр мекеме ұйымшылдықпен өздеріне тиесілі аумақты қоқыстан тазартты. Жалпы сенбілікке 100-ден аса адам және екі техника қатысты.
Әрбір мекеме қызметкерлері қарбалас жұмысқа қарамастан аудан тазалығына өз үлестерін қосты. Дана халқымыз «Тазалық – сыпырған жерде емес, сақтаған жерде » деп текке айтпаған. Туған өңірді көркейту жұмысына атсалысатын болсақ, болашақ ұрпаққа жақсы өнеге қалдырамыз.
«Таза Қазақстан» – экологиялық акциясы күз мезгіліне дейін жалғасатын болады.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close