Qoǵam
Балалардың отпен абайсыздығы!
Балалардың отпен ойнауы және салдарынан өрт оқиғасының туындауы– өкінішке орай сирек оқиға емес. Шамамен барлық балалар отпен ойнауға деген құштарлығын және одан келер қауіпті барлығымыз білеміз. Біле тұра, балаларды үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырамыз, олардың жалғыз қалғанда шақпақ қорабымен ойнамайды, қағазды жақпайды немесе тұрмыстық техникалардың жұмысына қызықпайды десек өте қатты қателесеміз.
Күнделікті өмірде, әртүрлі жағдайларға байланысты кейде балаларды белгілі бір уақытқа дейін жалғыз қалдыруға тура келеді. Ол өте қауіпті, әсіресе пәтердің есігін жауып кетер болсақ. Өрт болған жағдайда олар қауіпті жерден сыртқа шыға алмайды. Сондықтан, үйден кетер алдында балаларды үйдің үлкеніне немесе ересек адамның қарауына қалдырған дұрыс. Баланың назарын қандай да бір қызық тапсырмаларға аударған жөн. Оларды отпен абай болуды кішкене кезінен үйрету қажет. От – ойыншық емес екенін, одан келер қауіпті, адамдарға қасірет алып келерін түсінулері керек. Балалардың қалай уақыт өткізерін, олар қандай ойыншықтармен ойнайтыны, неге қызығушылық танытары деген сұрақтар әрқашан ата-аналардың назарында болу қажет.
Балалардың отпен ойнауынан шыққан өрттің алдын алу үшін не істеу қажет:
– үйден кетер алдында, үлкендердің қарауынсыз кішкене балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
– шақпақты балалардың қол жетімді жерлерге қоймаңыздар;
– пешті, газ плитаны, электр жабдықтарын қосуға жол бермеңіздер;
– балалардың от жақпауын жиі қадағалаңыздар;
– балаларға қызықты уақытты ұйымдастырыңыздар;
– жиі-жиі оларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып жүріңіздер;
– өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың барлық жағынан үлгі болыңыздар.
Құрметті ата – аналар, егер біз балаларды отпен абайсыздыққа және құтқарудың дұрыс жолдарын үйретпесек, олардың алған жарақаттары мен өліміне кінәлі боламыз. Сіздің балаңыз отпен абайсыз болмаса одан келер қауіптен өзі ғана емес, өзгегеде зиянын тигізерін әрқашан біліп жүруі аса қажет.
Жуалы аудандық ТЖ бөлімі
Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімі