Qoǵam
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелер қаралды
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жұмысшы тобының отырысы өтті.
Жиынды комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұловқа сөз берілді. Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нысандарды бейімдеу жөніндегі 2022 жылға арналған жоспардың орындалуын таныстырды. Сондай-ақ, мекеме басшылары және өкілдері атқарған, атқарылатын және атқарылмаған жұмыстары бойынша түсініктеме берді.
Екінші мәселе бойынша Жамбыл облысы білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Тыныбеков ағымдағы жылға жоспарланған 5 мекеменің бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы және 2021 жылға жоспарланған 8 мекеменің бейімдеу жұмыстары қаражат бөлінбегендіктен жұмыстар ішінара бейімделгенін мәлімдеді.
Жиын барысында ағымдағы жылға бейімдеу жұмыстарын жүргізуге арналған 17 нысанның атқарған жұмыстары талқыланып, комиссия мүшелері мен қосымша шақырылған мекеме басшылары бекітілетін мекемелер бойынша бір шешімге келді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмысшы топ баяндамашыларының баяндамалары назарға алынып, аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Тыныбековке 2021 жылға жоспарға қойылған 8 мекеменің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кемшіліктерді 2022 жылдың I жартыжылдығына ретке келтіру тапсырылды.
Үстіміздегі жылға бейімдеу жұмыстары жоспарланған мекеме басшыларына мекемелердің бейімдеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын аяқтап, қаржыларын қамтамасыз етіп, бейімдеу жұмыстарының өткізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету басты назарға қойылды.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»