Qoǵam
Судағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Жуалы ауданы ТЖ бөлімі, №7 ӨСБ қызметкерлері және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Қызыларық ауылдық округ аумағындағы өзенінің және Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында тыйым салынған жерлеріне және суға түсуге арналмаған орындарға қауіптілік туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша күнделікте рейдтер жұмыстары жүргізуде.
ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік ережелерінің маңыздылары туралы ескертеді, яғни судағы демалу қайғылы оқиғамен аяқталмауын ескеру қажет. Ыстық күндері судағы жиі болатын қайғылы оқиғалардың себебі, ол мұздайдай суға бірден кіру, мас күйінде жүзу және өз күшін асыра бағалау болып табылады.ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына және қонақтарға табиғатта демала отырып барлық сақтық шараларын сақтауды, мұқият болуды нұсқайды. Қырағы болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Қарапайым аңғалсыздық қайғылы оқиғалардың болуына әкелеп соғады. ТЖ туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметінің – «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
№7 Өрт сөндіру бөлімі