Qoǵam
Техникаларды мемлекеттік тіркеу туралы
“Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: машиналарды тіркеу кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын уәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар:
оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме;
7) машиналарды бастапқы тіркеу кезінде ‒ сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі (“Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы” Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі №30 (бұдан әрі – №30 Шешім) және “Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы” Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы №6 (бұдан әрі – №6 шешім) шешімдеріне сәйкес);
Аудан әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі