Qoǵam
Өрт қауіпсіздік сенбілігі
Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында болады. Тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу, пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отқа ұқыпсыз қарау болып табылады.
Айта кетейік, 2024 жылдың басынан бері Жуалы ауданының аумағында 9 өрт оқиғасы тіркеліп, өрттен келген материалдық шығыны 450 мың теңгені құрады.
Осыған орай, бүгін Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, №7 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және Жуалы Газ «КазТрансГазАймақ» ЖПФ АҚ мамандарымен бірлесе отырып Жуалы ауданы Ақбастау ауылында тұрғын үй секторында тұрмыстық өрттердің және улы газбаен уланудың алдын алуға, су тасқыны мен жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікке бағытталған өрт қауіпсіздік сенбілігі өткізілді.
Профилактикалық қауіпсіздікті жүргізудің мақсаты – күнделікті өмірде төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын алу, Төтенше жағдайлар кезінде адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау болып табылады.
Бірақ, ең алдымен, бір негізгі ережені есте сақтауды ұсынамыз: түтіннің жеңіл иісі болса да, ашық өртті айтпағанда, немесе төтенше жағдайларда «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті дереу шақырыңыз.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 өрт сөндіру бөлімі