Basty bet

«Ұлттық құндылық – ұлтты құрметтеуден басталады»

Тіл – ұлт байлығы, халық қазынасы. Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балай білген. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен дәстүрі. Сол себепті де, халқымыз дәстүрді ерекше қадірлеген, қастерлеген, сақтай білген.
Мемлекеттік тілді ұлттық дәстүрімен сабақтастырып, тіліміздің мәртебесін асқақтату мақсатында, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік тілді зерделеу курсының В2 деңгейіндегі тыңдаушыларымен «Ұлттық құндылық – ұлтты құрметтеуден басталады» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығының» маманы Сабырбек Меруерт ашық сабақ өткізді. Жарыс түрінде бастау алған сабақтың барысы салт – дәстүр, ұлттық тағам түрлері бойынша сұрақ-жауаппен ұласты. Сабақтың мақсатын толыққанды ашу үшін, үй тапсырмасы ретінде тыңдаушыларға ұлттық тағамның бір түрін әзірлеу және құрамын баяндап беру тапсырылған еді. Әр тыңдаушы алып келген ұлттық тағам құрамын қазақ тілінде таныстырды.
Осы өткізілген шара әскери қызметшілердің мемлекеттік тілге деген құрметін, білімін арттырып, зейінін арттыруда пайдасы зор.
Тіл мен дәстүр сабақтастығы – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани қасиетті қазынасы болып табылады.

Камила Әбсеметова,
2035 әскери бөлімінің кітапханашысы

Таңдаулы материалдар

Close