Basty bet

Ауқымды ғылыми жобалардың бастауы

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Қытайдың Төтенше және Өкілетті елшісі Хань Чунлинмен кездесті.
Бас қосу аясында екі елдің технологиялар трансфері мен бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға қатысты нақты әңгіме өрбітіп, ғылыми-техникалық қатынастарын тереңдету жолдарын талқылады.
Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе Кеңістіктік-уақыттық ЖИ және тұрақты даму халықаралық бірлескен лабораториясының (IIL-SAI&SD) негізін қалау болды. Бұл бастама Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының атсалысуымен ҚР ҰҒА мен Чжэцзян технологиялық университеті арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге аспақ. ҰҒА базасында орналасқан ғылыми зертхананы 70 миллиард теңге (шамамен 1 миллиард юань) шамасында инвестициялау жоспарланып отыр. Бұл– ықтимал апаттарды болжау, энергетика, ауыл шаруашылығын жаңаша ұйымдастыру, логистика, тұрақты егіншілік, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен пайдалы қазбаларды барлау секілді басты салалардағы бірлескен зерттеулер үшін өте маңызды жоба.
Ғылыми бірлескен жоба «Бір белдеу– бір жол» бастамасы аясында стратегиялық перспективада IIL-SAI&SD Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері ішіндегі ғылыми ынтымақтастықты нығайтады, жаңа технология мен білімге жол ашып, кәсіби мамандар мен терең білікті ғалымдарды даярлау деңгейін жоғарылатады.
Халықаралық ғылыми кездесу соңында тараптар серіктестікті одан әрі дамытып, инновациялық өрлеу үшін жаңа бірлескен бастамаларды сәтті жүзеге асыруға даяр екенін растады.

Таңдаулы материалдар

Close